08.07.2021 жыл

08.07.2021 «Шортанды №1 орта мектебі» КММ «Балапан» мектепішілік қашықтан лагерінде «Мейірімділік АБС» онлайн сурет байқауы өтті. Бұл сайыстың мақсаты – адамның маңызды қасиеті ретінде мейірімділік туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Кез келген адам өмір жолында жанашыр достарымен, жүрекке жылы тиетін сөздерімен, жанға жайлы істермен қауышқысы келеді. Сондай-ақ «Мейірімділікпен өлшеуге болмайды» атты бейнефильм көрсетілді.