Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған постер байқауы.
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні, Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық күні. АИТВ-инфекциясының таралуынан туындаған СПИД індеті туралы хабардарлықты арттыру мақсатында құрылған күн, сондай-ақ осы ауру құрбандарын еске алу күні. Іс-шара жоспарын жүзеге асыру аясында «Шортанды №1 орта мектебі» КММ-де 5-11 сынып оқушылары арасында осы күнге арналған постер байқауы өтті.
