"Адал Ұрпақ" клубының қатысушыларымен Онлайн-кездесу

2026 жылғы 15 қаңтарда «Шортанды кентінің № 1 жалпы орта білім беретің мектебі» базасында Zoom платформасы арқылы «Адал Ұрпақ» клубының қатысушыларымен онлайн-кездесу өтті.

Кездесу тақырыбы — «Адалдық пен әділдік». Іс-шара барысында адамгершілік құндылықтар, адалдық пен әділдіктің адам өміріндегі және қоғамдағы маңызы талқыланды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, білім алушылардың азаматтық позициясын қалыптастыруға ықпал етті.

Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, адалдық пен әділдік принциптерін түсіндіру, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті дамыту.

Клуб жетекшісі: Амантай Нурсауле.

#АдалАзамат#АдалУрпак#Справедливость