«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 поселка Шортанды отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығы.

"Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау
тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу
туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 мамырда № 16860 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1."Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау
тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 15584 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер
енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын
ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау
тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі
Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру
ұйымындарында Қамқоршылық кеңесінің (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) жұмысын ұйымдастыру және
оны сайлау тәртібін айқындайды.
2. Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан
Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына,
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу
орындарына, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарына, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында
құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру ұйымдарында
құрылады.";
5 және 6 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы
өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді
баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың
қабылданатындығы туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге
асырылады.
6. Қамқоршылық кеңестің құрамы Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша
келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және тиісті саланың уәкілетті
органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган ұсыныстарды қабылдау аяқталғаннан
кейін үш жұмыс күні ішінде бекітеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының
басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері
сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.
Тірек мектептерінде (ресурс орталығы) құрылған Қамқоршылық кеңес өкілеттігі оған
бекітілген шағын жинақты мектептерге де таратылады.";
13 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қамқоршылық кеңестің хатшысы білім беру ұйымдары қызыметкерлері арасынан
тағайындалады және ол Қамқоршылық кеңестің мүшесі болып табылмайды.
Қамқоршылық кеңестің хатшысы Қамқоршылық кеңестің дайындығын, өткізілуін, материалдар мен
отырыс хаттамасының рәсімделуін қамтамасыз етеді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсанына бір реттен сиретпей
өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау
комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдері оның отырыстарына дауыс беру құқығынсыз
байқаушы ретінде қатысуға жіберіледі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа
оны беру құқығынсыз ие.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:
1) өз бастамасы бойынша;
2) отырыстарда себепсіз қатарынан үш рет болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан
шығарылады.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті (Ғ.С. Жұмашев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның
көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "
Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның
көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен
кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі
және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
вице-министрі Т.І. Ешенқұловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
____________Ө. Шөкеев
2018 жыл "___"__________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________Б.Сұлтанов
2018 жыл "___"__________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
__________А. Мұхамедиұлы
2018 жыл "___"__________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Жаңартылған күні: 09.04.2019 10:14
Құрылған күні: 04.03.2020 10:38

Facebook

Мы рады приветствовать Вас на нашей странице в Facebook!

Здесь вы найдёте последние события и мероприятия из жизни нашей школы,а также сможете поделиться своими впечатлениями.

Текст