2025 жылғы 8 қыркүйек күні «Тілдер апталығы» аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Шортанды кентінің № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де ,11-сынып оқушылары Домбровская Карина мен Гарш Дарья «Әлем тілдерінің шығу тарихы» тақырыбында таныстырмалық дәріс өткізді.
Дәріс барысында олар оқушыларды тілдердің қалыптасуы мен даму тарихымен таныстырып, қызықты деректермен бөлісті және балалардың әлем тілдерінің алуан түрлілігі туралы білімін кеңейтті.
Іс-шара соңында қызықты викторина ұйымдастырылып, ең зейінді оқушылар дұрыс жауаптары үшін тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Бұл іс-шара тек қана оқушылардың білімін толықтырып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі халықтардың тілдері мен мәдениеттерін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруға үлес қосты.
#ТілдерАпталығы
#ӘлемТілдері #НеделяЯзыков
#ЯзыкиМира
Мы рады приветствовать Вас на нашей странице в Facebook!
Здесь вы найдёте последние события и мероприятия из жизни нашей школы,а также сможете поделиться своими впечатлениями.