Қашықтықтан жарыс "Туған тілім - тірлігімнің айғағы"
Шортанды #1 орта мектебінде ағымдағы жылдың 14 -16 қыркүйегі аралығында «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты оқушылар арасында қашықтықтан мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Бұл шараның мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.