Ойын «Менің мақтанышым – рәміздер»

Ойын «Менің мақтанышым – рәміздер»

22 қазан 2025 жылы «Шортанды кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» , 4 «А» сыныбында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған қызықты ойын өтті. 
Оқушылар Ту, Елтаңба және Әнұран туралы білімдерін еске түсіріп, өз елдеріне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін арттыруға бағытталған тапсырмаларды орындады. 

Әрбір оқушы «Менің елім – менің мақтанышым» тақырыбында өз ойын білдіріп, жүрек түріндегі ашықхатқа жазды. 
Осындай іс-шаралар оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңызын түсінуге және туған елінің тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға көмектеседі. 

 

#АдалАзамат#РеспубликаКүні #МеніңЕлімҚазақстан #МенҚазақстандыЖақсыКөремін #Патриотизм #МемлекеттікРәміздер#ДеньРеспублики #СимволыМоейСтраны