02.12.2025
1 желтоқсанда «Шортанды кентінің № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де ,оқушылар үшін класс сағаты өткізілді. 1 желтоқсан – ЖИТС-ке қарсы халықаралық күн»
Класс сағатының мақсаты:
Оқушылардың ЖИТС-ке қарсы халықаралық күн туралы хабардарлығын арттыру, аурудың таралу себептерін талқылау және денсаулық туралы білімнің маңыздылығын түсіндіру.
Класс сағаты барысында оқушылар:
• ВИЧ-тің негізгі берілу жолдарын талқылады;
• ЖИТС туралы мифтер мен қате түсініктерді қарастырды;
• алдын алу шараларының маңыздылығын түсінді;
• денсаулықты сақтау үшін білім мен хабардарлықтың рөлін талқылады.
Шара белсенді өтті: оқушылар сұрақтар қойып, ой-пікірлерімен бөлісті, бұл тақырыпты жақсы түсінуге және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға септігін тигізді.
#АдалАзамат#СалауаттыӨмір #АлдынАлу